2026 жылғы 10 сәуірде «Сәулет және құрылыс» кафедрасы 6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасы аясында, жоспарға сәйкес «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару комитетінің Жер ресурстарын басқару департаменті РММ-нің бөлім басшысы А.А. Мукаев, сондай-ақ «Топография» ЖШС директоры Гайсин Р.Е., сонымен қатар 6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасының білім алушылары және дөңгелек үстелді өткізуге жауапты аға оқытушылары Қойбағарова Л.Т. және Избасова Г.Ш. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымы, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өндірістік ұйымдармен өзара іс-қимылы мәселелері қарастырылды.

Талқылау барысында қатысушылар мемлекеттік органдардың құрылымдық ерекшеліктерін, бөлімшелер арасындағы функциялардың бөлінуін, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жүйесіндегі аумақтық бөлімшелердің рөлін қарастырды. Сонымен қатар геодезиялық және топографиялық жұмыстарды орындайтын бейінді ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде геодеректерді алу дәлдігі мен жеделдігін арттыру мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) қолдану сияқты заманауи технологияларға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жер ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін заманауи геоақпараттық технологиялар мен ұшқышсыз жүйелерді енгізудің маңыздылығы атап өтілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.