2026 жылғы 13-сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының Дене мәдениеті және информатика кафедрасының ұйымдастыруымен академиялық комитеттің кезекті отырысы ұйымдастырылды.

Отырыста  6B01401 – Дене шынықтыру және спорт, 7M01401 – Дене шынықтыру және спорт, 6B01501 – Информатика, 6B01503 – Математика (IP) білім беру бағдарламалары қарастырылып, олардың оқу жоспарлары, күтілетін нәтижелері, пәндер мен модульдердің мазмұны сарапталды.

Талқылау барысында стейкхолдерлер тарапынан берілген ұсыныстар негізінде бірқатар пәндердің мазмұны қайта қаралып, білім беру нәтижелерін жетілдіруге бағытталған толықтырулар енгізілді. Қабылданған өзгерістер білім алушылардың сапалы білім алуына және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға оң ықпал етеді.

Отырысқа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, білім алушылар және өңірдегі бірқатар білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, №19 және №45 жалпы орта білім беретін мектептер, Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, А. Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі, №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, сондай-ақ Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық және Орал ақпараттық технологиялар колледждерінің өкілдері белсенді қатысып, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz