2022 жылдың 12 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті инженерлік-гуманитарлық факультетінің мұнай-газ ісі кафедрасында “Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күні” мерекесіне орай “Нефть без границ” ғылыми студенттік үйірмесінің жұмысы аясында “Мұнайдың болашағы және оның жаһандық мәселелері”тақырыбында дебат ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шара барысында БҚИТУ ИГФ ғылым бойынша жауапты Құрманова Жанар Боранбайқызы сөз сөйлеп, оқытушылар мен білім алушыларды “Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күні” мерекесімен құттықтап, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, ғылыми-студенттік конференцияларға, конкурстарға қатысуға шақырды.

Пікірсайыс бағдарламасына сәйкес НД-22 О тобының спикерлері Алдияр Абдесов, Эдик Бекболатов, Ернар Дүйсенов, Әмір Дәулетжанов және НД-32 О тобының спикерлері Эльдар Оспанов, Дәурен Досанов, Ислам Құрамысов, Алсу Сағитова сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел іс-шарасында Қазақстан кен орындарының мұнай-газ саласының жаһандық мәселелері, мұнай-газ компаниялары мен кен орындарының ұзақ мерзімді жобалары, даму перспективалары, мұнай-газ саласының Қазақстан экономикасына әсері талқыланды.

Дебаттың сарапшылар құрамымен: Ихсанов К.А. – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Құрманова Ж.Б. – магистр және Калешева Г.Е. – кафедра меңгерушісі м.а. А. Абдесов пен Э. Бекболатов бір ауыздан үздік спикерлер деп танылды. Студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшісі Б. Н. Аманова пікірталастардың қорытындысын шығарып, іс-шараның мақсаттарына қол жеткізді.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы
“Нефть без границ”студенттік үйірмесі
аға оқытушы Аманова Б. Н.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz