Батыс Қазақстан инновациялық–технологиялық университетінің басшылығы бірінші курстардағы студенттерге болашақта жұмысқа орналасу үшін ең құнды, атап айтқанда, мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беруге барынша тырысады.
Осы мақсатта 2022 жылдың 07 сәуірінде экология және биотехнология кафедрасының аға оқытушылары Тажбаева Д. Т., Жубантаева А. Н., Габиденова Г. Г. және Құспанов М. Е. 6В09103 – Ветеринария, 6В09101 – Ветеринариялық медицина, 7М09101/7М09102 – Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламалары бойынша студенттер мен магистранттарға “АМАГЕЛ” ЖШС Ветеринарлық фармацевтикалық компаниясының өндірісінде сабақ өткізді.

Бүгінгі таңда “Амагел” ЖШС тек Батыс Қазақстан облысының ғана емес, сонымен қатар республикамыздың бүкіл батыс өңірінің ветеринариялық препараттарының фармацевтикалық нарығында белсенді жұмыс істейді және қазіргі уақытта көптеген танымал компаниялардың мультибрендті дистрибьюторы болып табылады. Сондай-ақ, қазақстандық, ресейлік және еуропалық өндірушілердің ветеринарлық препараттарының өкілі болып табылады.
Ветеринарлық фармацевтикалық компанияға барудың арқасында болашақ мамандар ветеринариялық препараттармен және жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету құралдарымен таныса алды. Сабақ барысында студенттер мен магистранттар өздерінің практикалық және теориялық білімдерін көрсетті, сондай-ақ ветеринарлық дәріханаларға қойылатын талаптармен танысты.
Өндірістегі практикалық сабақтар студенттерге өз дағдыларын, білімі мен біліктілігін жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып және одан әрі кәсіби қызметке дайындалуға талпыныс береді.