Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Педагогика факультеті “Жастар стартапы” бизнес-жобалар конкурсын өткізді, оған факультеттің барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Факультет деканы, қауымдастырылған профессор М.К. Ажгалиев құттықтау сөз сөйлеп, аталған конкурсты өткізудің мақсаты – студенттердің жобалық және зерттеу қызметінің мәдениеті мен дағдыларын дамыту, студенттердің зерттеу, шығармашылық және ғылыми қызмет арқылы өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасау екенін атап өтті.


Педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.М. Бахишеваның төрағалығымен жұмыстанған қазылар алқасы ұсынылған бизнес-жобаларды лайықты бағалады. Ұсынылған жобалар студенттер мен қазылар алқасы тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
БҚИТУ ғылыми бөлімі