2025 жылдың 16 қаңтарында мұнай-газ инженериясы кафедрасы жоғары білім беру аясында мұнай-газ өнеркәсібі, ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласындағы өзекті мәселелерге арналған ғылыми семинар өткізді. Бұл семинар оқытушылар мен жас ғалымдар үшін маңызды болып табылады, семинарда мұнай және газ кен орындарын игерудегі жаңа технологиялар мен перспективалар, өзекті мәселелер талқыланды. Семинар бағдарламасы кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарының маңызды бағыттарын көрсететін әртүрлі тақырыптарды қамтыды.
Семинарда сондай – ақ Батыс Қазақстанда тұтқырлығы жоғары мұнай өндіру технологияларын жақсарту бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды, баяндамашы-кафедраның аға оқытушысы Т.Н.Утеева тұтқырлығы жоғары мұнай кен орындарын өндіру мен қайта өңдеу бойынша зерттеліп қарастырылған жаңа әдістер ұсынылды, бұл өңірдің мұнай өндіруші кәсіпорындары жұмысының тиімділігін арттыру үшін маңызды ұсыныс болып табылады.
Семинардың тағы бір маңызды тақырыбы қазіргі заманғы талдау әдістеріне негізделген және тұтқырлығы жоғары мұнай алу тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін аспирант Г.Е. Калешеваның аралық есебін ұсыну болды.
Мұнай-газ инженериясы кафедрасының ғылыми семинары оқытушылар арасында білім мен тәжірибе алмасу үшін маңызды отырыс болды. Ұсынылған жұмыстар мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған зерттеулердің дайындығы мен өзектілігінің жоғары деңгейін көрсетті. Семинарға қатысушылар ұсынған инновациялық тәсілдер озық технологияларды енгізуге және мұнай-газды өндіру, өңдеудің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

