Ғылым апталығы аясында 2025 жылғы 15 қаңтарда «Сәулет және құрылыс» кафедрасында «Сәулет, құрылыс, жерді тиімді пайдалану және кадастр саласындағы ғылымның өңірлік дамуының инновациялық аспектілері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинардың мақсаты кафедраның ПОҚ жобалары бойынша ғылыми-зерттеу тәжірибесімен алмасу; инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу процесін жетілдіру; өңірдегі ғылым және практикадағы негізгі мәселелерді талқылау болып табылады. Семинар басында кафедра меңгерушісінің м. а. Н.М. Бекқалиев кіріспе сөз сөйледі.

Ғылыми семинар барысында т.ғ.к., ассоц м. а. Нариков К. А., т.ғ.м. Тасқалиев А. Т., ө. м. Кенжина Ж. С. ұйымдар мен кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша ҒЗЖ баяндамаларымен таныстырды. Докторанттар Н. М. Беккалиев және А. Б. Максотованың зерттеу жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Аға оқытушылар С. Г. Умерешова, К.М. Джумабаева, Г. Ш. Избасова, Б. А. Кенжеғалиева, Б. Н. Аманова ҒЗЖ бастамашыл тақырыптарының орындалу барысы бойынша баяндамалары тыңдалды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz