2025 жылғы 16 қаңтарда “Ветеринария, тіршілік қауіпсіздігі, экология, стандарттау және сертификаттау бағыты бойынша кафедраның ғылыми дамуы және перспективасы” тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараны өткізуге Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ғалымдары мен оқытушылары белсенді қатысты.
Ғылыми семинардың мақсаты-қатысушылар арасындағы байланыс пен білім алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сонымен қатар зерттеушілерге кері байланыс пен қолдау көрсету.
Семинар аясында ҚР БжҒМ БжҒСҚЕК гранттық қаржыландырудың бастапқы жобаларын іске асыру шеңберінде ғылыми зерттеулердің барысы туралы есептер, аспиранттардың, кафедра докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептер, сондай-ақ шаруашылық келісімшарттық тақырыптар бойынша есептер тыңдалды.
Ғылыми семинарлар қатысушыларды заманауи және перспективалы зерттеу тақырыптарымен таныстыру арқылы ғылым саласындағы оқытушылардың тәжірибесімен алмасу үшін өткізілетін білім мен ғылымды дамыту үшін маңызды.


