25 қараша күні «Мұнай-газ ісі» кафедрасы студенттерінің ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі техника ғылымдарының магистрі Утеева Тойган Насипкалиқызының ұйымдастыруымен “Нефть без границ” студенттік үйірме аясында «Мұнай-газ саласындағы заманауи технологиялар» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференция бастамасы мұнай-газ ісі кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Ахметжан Самал Закиқызы сөз сөйлеуімен басталып, кафедраның профессор-оқытушылар құрамынан қауым.профессор Ихсанов Қайырбек Айтжанович ғылыми зерттеу жұмыстарына тоқтала кетті, конференцияның екінші кезеңі 6В07201 – Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері баяндамасымен жалғасты және қызу талқыға түсіп дәлелді деректермен әсерлі баяндап қорғады.
Конференция барысында жер қойнауынан мұнай өндіру технологиясын және оларды енгізу үшін пайдаланылатын мұнай және газ өндірудегі жабдықтары, мұнай-газ технологияларын дамыту үшін жаңа идеялар мен мұнайгаз объектілерін жобалауда инновациялық тәсілдерін қолдану және де мұнай өндіруді жақсартудың түрлері, технологиялық процестердің математикалық модельдеу әдістері талқыланды.
«Мұнай-газ саласындағы заманауи технологиялар» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатынасушыларға рахмет айта отырып, табыс, сәттілік тілейміз!


