Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Кажиакпарова Жадыра Сериковна, кафедраның аға оқытушысы Нариманова Анаргуль Жаскайратовна 2022 жылдың 1 желтоқсан күні 6В01502– Информатика білім беру бағдарламасының студенттерінің практикалық даярлығының сапасын арттыру, ынтымақтастықты дамыту мақсатында Орал қаласындағы №45 жалпы білім беретін мектебіне барды.
Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Нурушева Салтанат Жаксыгалиевна, информатика пәні оқытушылары Хасенова Гүлбану Булатовна және Альмурзина Айымгүл Айбатырқызы студенттерді мектептегі информатика пәнінің ұйымдастырылу, өткізілу жұмыстарымен, тәрбие жұмысының бағыттарымен және информатика кабинеті ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ психологиялық-педагогикалық практика кезінде өткізілетін сабақтар мен тәрбие жұмыстарының жоспарлары анықталып студенттерге дайындалуға бағыт-бағдар берілді.