2023 жылғы 17 қарашада Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі «Критериалды бағалау арқылы құзыреттерді дамыту» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырды. Семинар-практикумның мақсаты жас оқытушыларға критериалды бағалаудың мәнін түсінуге және оны білім алушылардың құзыреттілігін дамыту үшін практикалық қолдануға көмектесу болып табылады. Семинар-практикумға оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен жас оқытушылар қатысты. Семинар-практикум барысында жас оқытушылар оқыту нәтижелері, құзыреттілік, критериалды бағалау сияқты негізгі ұғымдармен танысып, формативті бағалаудың көмегімен білім алушылардың құзыреттілігін қалай дамыту керектігін, сондай-ақ оқу процесінің сапасы мен оқытушы жұмысының тиімділігін арттыруды үйренді. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар ұсынылған силлабустан сабақ тақырыбын таңдап, оқытудың мақсатын анықтады, бағалау критерийін жасады және бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлері (дескрипторлар) бойынша бөлді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz