2023 жылдың 17 қарашасында шет тілдері және аударма ісі кафедрасында «Абай мен Пушкин – екі жүрек үндестігі» атты әдеби мейманхана ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: студенттерді қазақ және орыс халықтарының мәдени мұраларымен таныстыру, көрнекті ақындар Абай Құнанбаев пен А.С. Пушкиннің шығармашылығына қызығушылықты ояту.
Шарада студенттер екі ұлы ақынның Отан туралы, туған табиғат сұлулығы, достық, махаббат туралы өлеңдерін оқыды. Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» және т.б әндері орындалды. Студенттер қара сөздер оқып, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірінен белгілі деректерге тоқталды. Екі ұлы ақынның шығармалары бойынша викторина өткізілді. Іс-шараға РЯЛ-211, ПИМНО-211,111, ИЯ-111, ПД-111, КДР-111, Ек-111, ҚЯЛ-211,111 топтарының студенттері қатысты.


