2023 жылғы 14-15 қарашада жалпы білім беру пәндері кафедрасының тәрбие жұмысы аясында салалық технологиялар институтының барлық I курс білім алушыларының Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылтайшысы, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ құрметті ректоры Қазыбай Қараұлы Бозымовпен кездесуі ұйымдастырылып, өткізілді. Бірінші курс студенттері К.К. Бозымов туралы фильмді қызығушылықпен тамашалады, ол студенттік кезінен бастап Батыс Қазақстанның ең ірі ЖОО – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ басшысына дейінгі өмір жолын барынша көрсетеді. Кездесу барысында Қазыбай Қараұлы ғалым және жоғары мектеп басшысы ретіндегі қалыптасу кезеңдері туралы айтып, білім алушыларға университетте оқу уақытын барынша тиімді пайдалануға, болашақ мамандықты таңдаудың маңыздылығына, оқытудағы практиканың рөлі туралы кеңес берді және бәсекеге қабілетті тілдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын көптілділік шеңберінде тілдерді үйрену қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, құрылтайшы студент жастардың көптеген сұрақтарына жауап берді, бірқатар сұрақтарға салалық технологиялар институтының директоры қауымдастырылған профессор Билашев Б. А. жауап берді.