Құрметті оқытушылар, магистранттар мен студенттер!
Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймыз!
Ата Заңымызда бекітілген таңдау мен тәуелсіздік құқығы – бұл ештеңемен өлшенбейтін мызғымас құндылық. Конституция әрқайсымызға даму мен өркендеу құқығын, Отанымыздың болашағын қалыптастыруға қатысу құқығын береді.
Баршаңызға бейбіт аспан, келісім мен тұрақтылық тілейміз. Әр отбасында бақыт пен амандық орнап, Отанымыздың өркендеуі мақсатындағы жаңа жеңістерге деген ұмтылысымыз бізді зор жетістіктерге жетелесін!