Құрметті университет студенттері мен магистранттары, оқытушылары мен қызметкерлері!
Баршаңызды төл мерекеміз — Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бірінші қыркүйек баршамыз үшін ыстық та қастерлі. Біздің әрқайсымыздың өмір жолымыз білім алатын және болашақ мамандықтың негізін қалайтын оқу жылдарымен анықталады.
Бұл күні біздің білім ордамыз барша білім алушыларға өз есігін айқара ашады. Ал оқытушылар мен қызметкерлер үшін бұл кезең – жаңа ұмтылыс пен жаңа жетістіктерге жетелейтін шақ.
Технологиялардың қарқынды өсуі, өндіріс пен ғылымның бірлесе дамуы, әлеуметтік-мәдени саланың қажеттіліктері білім мен кәсіби дағдыларды үнемі жетілдіруді талап етуде. Сондықтан да білім қазіргі таңда адамның ең маңызды ресурстарының бірі ретінде кез-келген істің, кез-келген кәсіптің негізі болып табылады.
Баршаңызға жаңа оқу жылында мықты денсаулық, биіктерге жетелер шабыт, оптимизм және зор табыс тілейміз!