2024 жылдың 29 тамыз күні БҚИТУ Білім және менеджмент институтында Қазақстан Республикасының конституциясына орай дөңгелек үстел өтті.
Отырысты модератор ретінде БҚИТУ Білім және менеджмент институтының директоры Тасмагамбетов Асет Сембаевич ашты.
Шара барысында БҚИТУ-нің ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Жұбантаев Ізімғали Нұрымұлы конституция күнімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Ал, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Т. Ерназаров Қазақстан Респубикасы Конституциясының даму тарихымен таныстырып, құнды дәріс оқыды.
Дөңгелек үстелге университет оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысып, қатысушылардың пікір алмасуымен аяқталды.