Колледжден кейін жоғары оқу орнына түсу білімді жалғастыруға және кәсіби білімді тереңдетуге мүмкіндік береді. Егер талапкер колледжде алған мамандығы бойынша оқуды жалғастырса, ол жеңілдетілген қабылдау шарттарын пайдаланып, қысқартылған жеделдетілген бағдарлама бойынша, соның ішінде күндізгі-қашықтық форматта білім ала алады.

Колледж дипломы мамандық бойынша еңбек жолын бастауға мүмкіндік берсе де, мансаптық өсу және жоғары лауазымдарға көтерілу үшін жоғары білім қажет. Сондықтан кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі мақсаты – студенттерді университетке саналы түрде түсуге дайындау.

ЗКИТУ ИОТ Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары Высший инженерно-технологический колледжге барып, білім алушылармен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында білім алушыларға университет, оның мүмкіндіктері және қабылдау шарттары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ оқу артықшылықтары мен перспективалары талқыланды.

Кездесуге қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойды. Білім алушыларға ақпараттық буклеттер таратылды. Профориентациялық іс-шара сәтті өтті және болашақ талапкерлер үшін пайдалы болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz