19.01-27.02.26 ж аралығында  6В01702 Шетел тілі:екі шетел тілі білім бағдарламасы бойынша білім алатын 3 курс студенттері педагогикалық практиканы «Эстетикалық бағыттағы гимназия» ШЖҚ МКК базасында  теориялық білімін тәжірибелік қызметпен ұштастыру бағытында өтті. Педагогикалық практиканың мақсаты — болашақ педагогтардың оқу-тәрбие үдерісін жобалау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және рефлексия жасау бойынша практикалық дағдыларын дамыту, кәсіби-педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.

Практика  жетешісі аға оқытушы Ф.Н.Макашева  білім алушыларға бағдарлама бойынша нұсқау  беріп, педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттерін түсіндірумен қатар практика барысында білім алушыларға ұйымдастыру жұмыстары, өткізілетін тәрбиелік шаралар бойынша бағыт берді.

Практика  барысында білім алушылар сабақ жоспарлау, оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру, бағалау мен саралау тәсілдерін қолдану, оқушылармен тиімді педагогикалық қарым-қатынас орнату және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бағытында кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік алды .
Педагогикалық практика нәтижелері білім алушылардың педагогикалық қызметке бейімделуінде оң динамика бар екенін көрсетті. Олар сабақ жоспарлау, тапсырма құрастыру, сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру және педагогикалық этиканы сақтау бағытында тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар бағалау критерийлерін нақтылау, оқытуды саралау, рефлексия жүргізу және сабақ құрылымын әдістемелік тұрғыдан жетілдіру бағытындағы жұмыс жалғастырылуы қажет. Практика кезеңі болашақ педагогтердің кәсіби қалыптасуына ықпал еткен нәтижелі тәжірибелік кезең болды .
Практика соңында ұйымдастырылған қорытынды конференция барысында  «Эстетикалық бағыттағы гимназия» ШЖҚ МКК әкімшілігі Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университет ұжымын, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасын және практика жетекшілерін  білімалушылардың сапалы білім беруде кәсіби шеберлігі,білім беру ісіндегі заманау әдістер мен тәжірибе таратуда және олардың  кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда атқарып жатырған зор еңбектері үшін алғыс хатпен марапаттады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz