Мектептегі кәсіптік бағдар берудің негізгі мақсаты – оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, саналы түрде мамандық таңдауына бағыт беру. Осы мақсатта 2026 жылдың 02 наурыз күні Орал қаласындағы №21 ЖОББМ мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді. Іс-шара ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары Е.У.Байтлесовтің және А.М.Амиргалиеваның қатысуымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында 11-сынып оқушыларына университеттің қабылдау ережелері, білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және дайындалатын мамандықтар туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар талапкерлерге арналған ақпараттық брошюралар мен жарнамалық буклеттер таратылды.

Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу нәтижесінде болашақ студенттер университеттің білім беру мүмкіндіктерімен танысып, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға бағыт-бағдар алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz