2025 жылдың 11-наурызында  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен академиялық комитет отырысы өткізілді. Отырыста 6B01401–Дене шынықтыру және спорт, 6B01422–Дене шынықтыру және спорт (IP), 7М01401–Дене шынықтыру және спорт, 6В01501–Информатика, 6B01503– Математика (IP) білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары, оқыту нәтижелері, пәндер және модульдер сипаттамасы талқыланды.  Стейкхолдерлердің ұсыныстары негізінде кейбір пәндердің мазмұны жаңартылып, оқу нәтижелерін жақсарту үшін қажетті өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер  студенттердің білім алу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Шараға №19 ЖОББМ,  №45 ЖОББМ, № 1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, Орал ақпаратық технологилар коледжі, Орал жоғары гуманитарлык-экономикалык колледжі өкілдері, кафедра оқытушылары,  магистранттар мен білім алушылар қатысып, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын жетілдіруге өз үлестерін қосты. 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz