2024 жылдың 3 қазанында энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасында «Энергия» және «Вычислители» ғылыми үйірмелерінің отырысы өтті. Бұл үйірмелерге «Электрэнергетикасы», «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының 2-ші, 3-ші және 4-ші курстарының 25 білім алушысы белсенді қатысады. Отырыста семинарлар өткізу, алдағы ғылыми және практикалық конкурстарға қатысуды, сондай-ақ ішкі іс-шараларды ұйымдастыруды қоса алғанда, ағымдағы оқу жылына арналған үйірмелер жұмысының жоспарлары қаралды. Сондай-ақ үйірме мүшелерінің жаңа құрамы бекітілді, бұл тәсілдерді жаңартуға және қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.
Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен білім алушылар конкурстар мен конференцияларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Олардың жетістіктері дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды, бұл кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысын дамытуға елеулі үлес болды.

