2024 жылдың 4-қазанында Қаржы және экономика кафедрасы Жоғары инженерлік-технологиялық колледжімен бірлесіп, бухгалтер күніне орай “Бухгалтер – менің мамандығым” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бухгалтер мамандығы бүгінгі таңда қаржы және экономика саласындағы ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады. Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы бакалавр білімі бухгалтерлік есеп пен есептілікте ақпаратты қалыптастырудың нақты ережелері мен тұжырымдамаларын түсінетін, қаржылық есептілікте бухгалтерлік есептің заманауи дағдыларын қолдана алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Дөңгелек үстелге “Қаржы және экономика” кафедрасының аға оқытушылары Н.И. Тулеугалиева, Ж.А. Аймешева, Н.С. Омарова, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің аға оқытушысы А.Е. Абдрахманова және 6В04105 – Есеп және аудит білім беру бағдарламасының студенттері мен Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының студенттері қатысты. Студенттер құттықтау сөз сөйлеп, мамандық туралы баяндамалар мен презентациялар жасады. Практик-оқытушылар Н.И. Тулеугалиева, Ж.А. Аймешева мамандық туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
