Жыл сайын, қазан айының ортасында бүкіл әлемде Дүниежүзілік стандарттау күні атап өтіледі. Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы шетте қалмады және “КазСтандарт” Қазақстандық стандарттау және метрология институты бастамашы болып табылатын кәсіби мерекеге арналған семинарға қатысты. Семинардың тақырыбы: “Тұрақты даму мақсаттарын қолдаудағы стандарттар” – 2024 жылғы стандарттау күнінің ұраны болып есептеледі.

Бұл күн стандарттардың маңыздылығын және оларды әзірлеумен және енгізумен айналысатын мамандар жұмысының маңыздылығын көрсетеді. Әлемнің ұлттық стандарттау органдары осы күнге арналған іс-шараларды өткізуде.

Бірнеше жыл бойы Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын дамытуды қолдауды Дүниежүзілік стандарттар күнінің тақырыбымен анықтады. Стандарттар экономиканың барлық салаларында, экология, халықтың өмір сүру сапасы және т.б. салаларда техникалық шешімдерді белгілейтін негізгі құрал болып табылады.

Семинар барысында орнықты даму мақсаттары (ТДМ), жоспарлау кезеңінде ТДМ іске асыру мәселелері, әртүрлі салаларда сапа мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұлттық стандарттардың рөлі, сондай-ақ кәсіпорындар мен инвесторларға орнықты даму қағидаттары мен ТДМ-ны өздерінің басқару жүйелері мен шешім қабылдау практикасына біріктіруге көмектесетін стандарттарды қолдану мен интеграциялау мысалдары қарастырылды.

Осындай іс-шаралар біздің ЖОО-ның “Стандарттау және сертификаттау” ББ оқытушыларына іс-шаралардың орталығында болуға және стандарттау жөніндегі кәсіби қызметке қатысты іс-шараларға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz