2026 жылдың 31-наурызында Қаржы және экономика кафедрасының ұйымдастыруымен 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеяларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерлету жөніндегі жол картасында көзделген шараларды жүзеге асыру аясындағы бейіндік бағыттар бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті өкілдерімен кездесу оздырылды. Кездесу барысында білім алушыларға экономикалық қауіпсіздік шаралары туралы, цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтан қорғанудың жаңа әдістері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – цифрлық гигиена негіздерін, қаржылық алаяқтықтан қорғанудың жаңа амалдары мен әдістерін және дропперлік схемаларды түсіндіру. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып құрылған ҚМА-ның Аi-офицерінің қатысуымен интернет-алаяқтықтан қорғану әдістері, дипфейктер, дербес деректерді қорғау, сондай-ақ дропперлер туралы презентациялар көрсетілді.

