Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында «Күміс университет» бағдарламасы аясында «Ветеринария және агроменеджмент» атты семинарлар циклі басталды. 31 наурыз күні «Зооноздық аурулар және олардың адам денсаулығына әсері» тақырыбында алғашқы сабақ өтті.
Кездесу барысында тыңдаушылар жануарлардан адамға жұғатын негізгі инфекциялармен танысып, олардың қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызын талқылады. Адам, жануар және қоршаған орта денсаулығының өзара байланысына ерекше назар аударылды.
Семинарды кафедраның қауымдастырылған профессоры К.К. Кейкиева және аға оқытушы Р.И. Акатова жүргізді. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті, жаңа зооноздық инфекциялардың пайда болу себептері, сондай-ақ олардың алдын алу және бақылау шараларын қарастырды.
Семинар алдағы уақытта да жалғасып, тыңдаушылардың білімін кеңейтуге, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және ветеринария мен агроменеджментке заманауи көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

