Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 2018 жылдың 13 наурызы мен 16 наурызы аралығында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы және 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауы аясында “Адам капиталы – жаңғыру негізі” атты ХVІІІ Халықаралық жас ғалымдардың ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның басты мақсаты ғылыми ақпараттық алмасу деңгейін арттыру және ғылыми кадрларды даярлау, дарынды жастарды боашағы зор ғылыми зерттеулерге қатысуға тарту болып табылады.
Конференцияға университеттің жас ғалымдары (студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар), Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Қалмақ мемлекеттік университеті (РФ) магистранттары белсенді қатысты. Жұмыс 100-ге жуық баяндама ұсынылған 4 секцияда (1-секция. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы ҚР АӨК өзекті мәселелері; 2-секция. Электр энергетикасы, IT-технологиясы және мұнай-газ ісі– индустрияландыру жолбасшылары; 3-секция. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдағы және құрылыстағы инновациялық технологиялар; 4-секция. Рухани мұра – ұлт байлығы) жүргізілді.
Конференция қатысушылары баяндамасында білім беру саласындағы инновация мәселелері, көптілділік: жағдайы мен келешегі, білім берудің адамгершілік бағыты, мемлекеттік тілдің латын тіліне көшуі, қазақстандық қоғам жаңғыруындағы латын графикасына көшудің бағыттары мен келешегі, жастардың құқықтық мәдениетін дамыту, экономика, электр энергетикасы саласы мәселелері, индустрияландыру жолбасшылары болып табылатын IT-технологиялар және мұнай-газ ісі мәселелері қозғалды. Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді енгізу қажеттілігімен байланысты өзекті тақырыптағы баяндамалар тыңдалды және талқыланды, инженерлік-техникалық және энергия үнемдеуші технологиялар мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар баяндамалар аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің жерге орналастыру, агрономия, ветеринария, өзендердің беткі сулары сапасын бағалауға қатысты өзекті мәселелер, нарықта аграрлық азық-түлік өнімінің тиімді импорттың орнын басуы мәселелеріне қатысты болды. Жұмыстардың бірқатарында Жайық өзені мен Шалқар көлі сияқты су нысандары экологиялық мәселелері мен сапасын бағалау саласындағы зерттеулер нәтижелері баяндалған. Батыс Қазақстан облысы халқының табиғи және мәдени мұрасын сақтау, көптілділік, латын тіліне көшу, тіл мен мәдениет сабақтастығы, білім берудің гуманизациясы, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді, тілімізді сақтау, ұлттық рухани жаңғыру, қазіргі заман жастарының тәрбие мәселесі, қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті және оның бірқатар құраушылары, жастардың ұлттық санасын жаңғырту аспектілері, жастардың құқықтық мәдениетін жетілдіру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және т.б. мәселелер қозғалды.
Осындай конференциялардың арқасында жас ғалымдар Елбасы ел алдында қойған мәселелерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа дайындамалар мен ұысыныстарды кең ауқымда талқылау мүмкіндігіне ие болды. Конференцияның нәтижелі жұмысы мемлекетттің дамуының негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысын талқылау бойынша кең құрылымды диалог алаңына айналды.
Конференция жұмысын БҚИТУ оқу жұмыстары жөніндегі проректоры, тарих ғылымдары кандидаты, доцент Ерназаров Ж.Т. қорытындылап, барлық жас ғалымдар мен студенттерді құттықтады. Инженерлік-технологиялық факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Кадыргалиев Н.М. үздік шыққан ғылыми-зерттеу жұымыс баяндамалары үшін І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарды және “Шешендік шеберлігі үшін”, “Үздік таныстырылымдық материал”, “Үздік зерттеу баяндамасы” номинациялары бойынша грамоталарды табыстады.






