Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай облыстық «Батыс-Азимут 2016» күзгі спорттық бағдарлау жарысында ересектер арасында топ жарып, «Спринт» қашықтығы бойынша – 1 орын, «Орта» қашықтық бойынша (8 шақырым) – 1 орын, «Ұзақ» қашықтық бойынша (12 шақырым) – 1-орын иеленген «Туризм» мамандығының 3 курс студенті Қасымов Нұркенді құттықтаймыз. Студентті жарысқа дайындаған  педагогикалық факультетінің «Қаржы» мамандығының аға оқытушысы, экология магистрі Абекешев Аянбек Иманбайұлы.

Педагогикалық факультетінің әкімшілігі осы байқауға қатысып, белсенділік танытқан жас спортшымызды  жеткен жетістігімен құттықтайды. Алдағы уақытта үлкен биіктерден көрініп, зор табыстарға кенелуіне тілек білдіреді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz