2026 жылғы 25 қазан күні Орал қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті алаңында Республика күніне орай салтанатты Ту көтеру рәсімі өткізілген болатын. Салтанатты шараға біздің университетіміздің ректоры мен профессорлық оқытушылық құрамы мен студенттер қатысып, біздің университетіміздің белсенді 5 студенті Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты.
Мемлекеттік Туды көтеру – елдік пен егемендіктің, бірлік пен тәуелсіздіктің нышаны. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткен бұл рәсім — Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына сенім білдірудің айқын көрінісі.


