2016 жылдың 13 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультетінде студенттердің діни сауаттылығын арттыру, жастар арасында экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу, сонымен қатар аймақтағы діни ахуалды саралап, екі жақты пікір алмасу мақсатында БҚО Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығымамандарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында дін мәселелерін зерттеу орталығының исламтанушысы Д.Ғ.Нагимов, сол орталықтың дінтанушысы З.В.Құдайбердиева және облыстық орталық мешіттің наиб имамы А.А. Асылбеков және тілдер және менеджмент факультеті деканының тәрбие ісі бойынша орынбасары Д.Ж.Абдрахманова өз баяндамаларын жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Шара соңында студенттерге «Арбалғандар» атты бейнеролик көрсетілді және арнайы буклеттер таратылды.




