2026 жылғы 28 қазанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Сәулет және құрылыс» кафедрасында 2-курс АРХ-25о тобының студенттеріне Сәулеттік сурет пәнінен «Перспектива әлемі: геометриялық денелерден сәулеттік пішінге дейін» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді. Сабақты «Сәулет және құрылыс» кафедра оқытушысы Мадиева С.М. жүргізді.

Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің перспектива заңдылықтары туралы білімдерін жетілдіру, кеңістіктік ойлау қабілеттерін дамыту және геометриялық денелер негізінде сәулеттік пішіндерді құрастыру мен бейнелеу дағдыларын қалыптастыру.Сабақ барысында перспектива ұғымы, оның негізгі түрлері және сәулеттік сурет салудағы маңызы түсіндірілді. Студенттер бір, екі және үш нүктелі перспективаның ерекшеліктерімен танысып, геометриялық денелердің кеңістікте орналасуын, пропорциялық қатынастарын және көлемін қағаз бетінде дұрыс бейнелеу тәсілдерін қарастырды.

Ашық сабақтың қорытындысында студенттердің перспективалық бейнелеу дағдыларын жетілдірудің, теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастырудың және кәсіби шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz