2024 жылдың 27 қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетінің «Құқық» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұйымдастырумен өткізілген «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік және зорлық–зомбылықтың алдын алу ерекшеліктері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі Мухаметкалиев Нуркен Жанболатұлы алғаш сөз алып,конференцияны ашты.
Конференцияның модераторы – Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, запастағы полиция полковнигі Сулейманова Галия Жанабековна жүргізіп отырды.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар Ресей Федерациясы, ІІМ Уфа заң институты, Ресей мемлекеттік Әділет университетінің Қиыр Шығыс филиалы, Ресей ІІМ Шығыс-Сібір институты, «Санкт-Петербург заң академиясы» автономды коммерциялық емес жоғары білім беру ұйымы, Орынбор мемлекеттік университетінің заң факультеті, Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясы, Полиция генерал-майоры Э.А. Алиев атындағы Қырғыз Республикасы ІІМ Академиясы және ҚР ІІМ-нің ғылыми қызметкерлері , БҚИТУ «Құқық» кафедрасының меңгерушісі заң ғылымының магистрі Ж.К.Тулеугалиева сөз алып, конференцияға қатысушыларға тілектерін білдірді.
Конференцияға қатысушылар «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік және зорлық–зомбылықтың алдын алу ерекшеліктері» тақырыбы бойынша ғылыми көзқарастарымен және соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер мен бөлісіп, олардың алдын алу шаралары бойынша өз ойларымен бөлісті.
БҚИТУ «Құқық» кафедрасының оқытушылары «Құқық» кафедрасының меңгерушісі заң ғылымының магистрі Ж.К.Тулеугалиева, қауымдастырылған профессор, заң ғылымының кандидаты Т.Х.Рахметов, аға оқытушылар Е.А.Карагойшиев, А.Ж.Сарсенова, А.Қ.Отеуова, М.А.Черкесов көрсетілген тақырып бойынша ғылыми баяндама жасады.