2024 жылдың 27-ші қыркүйекте «Көлік және технологиялар» кафедрасының 6В07101 Көлік, көлік техникасы және технологиялары және 6В11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру білім беру бағдарламалары бойынша 2 курс білім алушыларымен кафедраның аға оқытушылары Оралдағы TOYOTA ресми дилері «Орал Тойота Орталығы» сервис орталығында таныстыру экскурсиясын өткізді.

«Тойота Центр Уральск» директорының орынбасары білім алушылармен кездесіп, автосалонның негізгі бөлімдерімен таныстырды: қабылдау, сату бөлімі, техникалық қызмет көрсету станциясы, паркинг. Автокөлік паркі жаңа және қолданыста болған машиналарынан тұрады.

Сондай-ақ білім алушыларды кәсіпорын құрылымымен және ұжымымен, кадрлардың жалпы санымен және кәсіпорын үшін мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырумен таныстырды. Таныстыр барысында білім алушыларға одан әрі жұмысқа орналаса алатындай, жазғы практикадан өту ұсынылды. Экскурсия заманауи өндіріс техникасы мен технологиясы туралы жалпы түсінік алуға, оларды кәсіпорындардың құрылымымен, ондағы жұмыс жағдайлары мен ерекшеліктерімен таныстыруға мүмкіндік берді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz