«1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні» Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11-маусымдағы бұйрығымен Кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.
Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Бұл ретте жоғары оқу орындары қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту білім беру ортасын қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы маңыздылығын айшықтап, жоғары білім беру саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді.
Бұл кәсіби мереке сондай-ақ Қазақстанның білім беру саласын нығайтуда және оның қызметкерлерінің елдің қоғамдық дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін мойындауда маңызды рөл атқармақ.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді алғашқы рет тойланайын деп жатырған кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде.
Тәуелсіз еліміздің ертеңі – жастарды оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық ізденістеріңізді, университетіміздегі білім беру жүйесіндегі жетістіктеріңізді бағалай отырып, шынайы алғысымды білдіремін.
Болашақта да еліміздің өркендеуіне айшықты қолтаңбаңызды қалдырып, білім беру саласына зор үлес қосатыныңызға нық сенімдімін.
Сіздерге мықты денсаулық, ұстаздық еңбегіңізге шығармашылық табыс, отбасы берекетін тілеймін.
Ізгі ниетпен: БҚИТУ ректоры Б.Т. Шакешев