2026 жылғы 5-мамырда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институты, Тарих және құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, тарихи жадыны жаңғырту, Ұлы Отан соғысы және ел қорғау жолында ерлік көрсеткен батырлардың өнегесін насихаттау, сондай-ақ білім алушылардың тарихи санасын дамыту болып табылады.

Дөңгелек үстелге 6В01601 – «Тарих» және 6В12301-«Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Шара барысында қатысушылар тарихи тұлғалардың ерлігі, отансүйгіштік құндылықтар және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, студенттер тарапынан баяндамалар жасалып, тарихи деректер мен зерттеулер негізінде мазмұнды ойлар ұсынылды.

Кездесу барысында қатысушылар қазіргі қоғамдағы патриоттық тәрбиенің маңыздылығын атап өтіп, жастарға тарихи мұраны дәріптеудің өзектілігіне ерекше назар аударды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz