2025 жылғы 23 мамыр күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бітіруші түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы тікелей байланысты орнату, жас мамандарға жұмыс табуға және жұмыс берушілерге кадрларды іріктеуге тиімді алаң ұсыну болды. Жәрмеңкеге 25-тен астам мемлекеттік мекеме мен жеке кәсіпорын қатысып, түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңкеде 100-ге жуық түлек пен жұмыс іздеуші маман жұмыс берушілермен бетпе-бет кездесіп, өз түйіндемелерін тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Қатысушы мекемелер қатарында Зашаған кенті әкім аппараты, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, спорт мектептері, екінші деңгейлі банктер, психологиялық сауықтыру орталықтары, «KazStroykompany» ЖШС, Орал қаласының полиция басқармасы, Жұбан Молдағалиев атындағы қалалық кітапхана, Орал қалалық мансап орталығы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы секілді ұйымдар болды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша көптеген түлек жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, «Айана» жеке балабақшасы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 2 түлекпен, психология бағыты бойынша 1 түлекпен жұмыс істеуге келісім берді. Ал «KazStroykompany» ЖШС екі түлекке маркетолог қызметін ұсынды.
Шараға қатысқан ұйымдар болашақ кадрлармен байланыс орнатып, кадрлық резервін жасақтауға мүмкіндік алды. Көптеген жұмыс берушілер ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz