Түркістан қаласында өтіп жатқан ҚР ЖОО арасындағы XIII Жазғы Универсиада аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Касикова Натали жоғары нәтиже көрсетті. Спортшы «Каратэ-до» спорт түрі бойынша (әйелдер) өз салмағында күміс медалін жеңіп алды.
Касикова Натали мен жетекшісі Ш.А.Макашевті жеңісімен құттықтаймыз!
Университетіміздің студенттеріне XIII Жазғы Универсиадада жарқын жеңістер тілейміз!
