2025 жылдың 24-25 мамырында Түркістан қаласында өтіп жатқан ҚР ЖОО арасындағы XIII жазғы Универсиада аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Власенко Милана және 3 курс студенті Алиманова Мадина жоғары нәтиже көрсетіп, каратэден (WKF) ката бойынша (әйелдер) жүлделі II-орынға (күміс медалі) ие болды. Жалпы «каратэ-до» бойынша БҚИТУ 3 орынды иеленді.

Власенко Милана мен Алиманова Мадинаны жеңісімен құттықтаймыз!!!

Университетіміздің студенттеріне XIII Жазғы Универсиадада жарқын жеңістер тілейміз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz