2026 жылдың 26 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтында «Таза Қазақстан» акциясы аясында университет аумағының тазалығын сақтау және абаттандыру мақсатында сенбілік өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар оқу корпустарының аумағын қардан тазалап, жаяу жүргіншілер жолдарын, кіреберіс алаңдарын және іргелес аумақтарды ретке келтірді. Нәтижесінде студенттер мен қызметкерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілді.

Тазалық жұмыстарына ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ 6В07205  Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі, 6В09103 Ветеринария және 6В11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау білім беру бағдарламаларының білім алушылары белсенді қатысты. Студенттер бастамашылдық, жауапкершілік және жоғары ұйымдастырушылық деңгейін көрсетті.

Өткізілген сенбілік университет аумағын абаттандыруға қосылған нақты үлес қана емес, сонымен қатар тәрбиелік жұмыстың тиімді құралы болды. Іс-шара экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға, ұжымдық рухты нығайтуға және қоршаған ортаға ұқыпты әрі жанашырлықпен қарау мәдениетін дамытуға ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz