21-25 қараша аралығында БҚИТУ-да «Білім беруді цифрландыру: қазіргі заман талабы» тақырыбында жыл сайынғы VI «Сапа апталығы-2022» өткізілді.

Сапа апталығының мақсаты: Білім беруді цифрландыру жағдайында ЖОО оқытушыларының кәсіби және әдістемелік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту, білім алушылардың білім деңгейін арттыру, сондай-ақ оқу процесінде цифрлық білім беру технологияларын тиімді пайдалану мақсатында өз кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Әдістемелік апта аясында 23 іс-шара өткізілді, оның ішінде 11 ашық сабақ, 2 мастер-класс, 3 әдістемелік семинар, жұмыс берушілер мен түлектердің қатысуымен 4 дөңгелек үстел, 1 оқытушыларға арналған тренинг және 2 зияткерлік ойын. Барлық өткізілген іс-шараларға университеттің ПОҚ және білім алушылары, сондай-ақ өндірістен шақырылған қонақтар белсенді қатысып, тәжірибе алмасты, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы идеяларымен бөлісті.

Сапа апталығы филология ғылымдарының кандидаты, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Зәуре Жиеналиқызы Аманбаеваның тіл «Тіл теориясының негіздері» пәні бойынша «Семасиология (омонимдердің, синонимдердің және антонимдердің түрлері мен көздері) және фразеологизмдердің семантикалық жіктелуі» тақырыбындағы ашық сабағынан басталды. Семинар барысында қауымдастырылған профессор Аманбаева З.Ж. өзі оқыған Оксфорд университетінің тәжірибесімен бөлісті жәнестуденттерге инновациялық әдістерді қолдана отырып, лингвистика теориясын түсіндірді.

Университет оқытушылары өткізген ашық сабақтарда оқытудың инновациялық әдістері тиімді пайдаланылды, ақпараттық-коммуникативтік құралдар мен оқыту платформалары белсенді қолданылды.

Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы С.А. Бисалиев «Дене шынықтыру және спорт мұғалімдерінің сөйлеу мәдениеті», Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы А.А. Мәжитова «Мәдени – демалыс іс-шараларын ұйымдастырудағы инновациялық бағыттар” атты ашық сабақтарында студенттерге мұғалім мен мәдениет саласындағы маманның жұмысын ұйымдастыру мақсатында жаңа бағыттар мен тиімді тәсілдер туралы түсіндірді.

Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының оқытушылары «Дене шынықтыру және спорт» БББ 1-3 курс арасында «ақпараттық сауаттылық» зияткерлік ойынын өткізді. Ойын студенттердің әлеуметтік-коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыруға, ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

«Тарих және құқық» және «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедралары ұйымдастырған «Тарих ғылымы: digital humanities», «Құжаттарды цифрландыру арқылы кітапханада ақпарат беру жолдары» әдістемелік семинарларына БҚИТУ ПОҚ және студенттері ғана емес, сонымен қатар практика мамандары – Насипкалиева А. С. – Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайына экскурсиялар мен экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Ж. Б. Жармұханбетова – “TORUS.KZ” ЖШС техникалық бөлімінің директоры; Жайланов А. С. – М. Мәметова атындағы № 27 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі; Сабырғалиева Н. Б. – PhD, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы; Қазиханова А.Е. – № 10 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі, Кульчикова А.К. – Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі, Ибраимова М. – Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы, Сатагалиева С. М. – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы білім, ғылым және мәдениет саласындағы жаңалықтарды талқылап, инновациялық IT-қосымшаларды пайдаланудың тиімді тәсілдерімен бөлісті.

 

Сапа апталығы аясында «Есеп және Қаржы» кафедрасы «TRISTAR» ЖШС базасында «бухгалтерлік есепті дамытудың цифрлық ортасы» атты көшпелі семинар өткізді. Көшпелі семинардың мақсаты – бухгалтерлік есепте цифрландыру саласындағы проблемаларды талдау, сондай-ақ цифрлық есепті дамытудың негізгі жолдары мен факторларын анықтау. Семинарда «TRISTAR» ЖШС директоры Д. Н.Хрысев және кафедра оқытушылары қаржы-экономикалық және есеп саласындағы пәндерді оқытуда жаңа цифрлық технологияларды енгізу мүмкіндігі мен тиімділігі туралы талқылады.

Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Б. К. Баймуханова, Ж.Е. Қадыржанова, Г.А. Жумағулованың жетекшілігімен «Психология» және «Педагогика және психология» ББ 4 курс студенттері үшін «Метафоралық ассоциативті карталарды қолдану әдістемесі» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Шеберлік сабағын тәжірибелі психолог А. Е. Науанова жүргізді. Шара барысында А. Е. Науанова психологиялық кеңес беру мен психологиялық диагностикада метафоралық ассоциативті карталарды қолдану әдістемесін көрсетті және студенттер мен оқытушыны қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Шеберлік сыныбы БҚО тарихи-өлкетану мұражайында жалғасын тапты. Аға оқытушы Р.С. Ислямов оқытушылар мен «Туризм» ББ студенттеріне арналған «Музейлерді цифрлық трансформациялау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сыныбында қатысушылар виртуалды гид, интерактивті карта, мұражай элементтерін цифрлық әлемге жеткізетін мұражайларға арналған ақпараттық сенсорлық дүңгіршектер сияқты инновациялық технологиялармен танысты.

Түлектерді даярлау және жұмысқа орналастыру сапасы мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және талқылау, университет пен жұмыс берушілердің сындарлы өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу мақсатында Экономика және менеджмент, Шетел тілдері және аударма ісі кафедралары жұмыс берушілер мен түлектердің қатысуымен «ХХІ ғасырдың түлегі. Қазіргі және болашақ серіктестік тұрғысынан», «Түлектерді жұмысқа орналастыру: мүмкіндіктер мен проблемалар» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шаралар барысында студенттер түлектер мен жұмыс берушілерден тәжірибелер мен тағылымдамалардан өту шарттары, бос жұмыс орындарының болуы, сұхбаттасудан өту ерекшеліктері, сондай-ақ жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білді. Дуальды оқыту элементтерін енгізу және бүгінгі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие инновациялық білім беру бағдарламаларын құру қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды. Экономика және менеджмент кафедрасы ұйымдастырған дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «PKF Оценка собственности VP» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы шарт жасалды.

Сапа апталығының өзекті және қорытынды іс-шарасы «Цифрлық білім-заманауи оқытудың кілті»  дөңгелек үстелін Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары –  п.ғ.к., профессор, Францияның Concorde халықаралық академиясының корреспондент мүшесі, 2014 жылғы «Болашақ» бағдарламасының түлегі Тасимова Айслу Ахмадиевна және педагогика магистрі, аға оқытушы Халикова Ботагоз Төлегенқызы ұйымдастырды. П.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.К. Ажгалиев, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С. Иргалиев, п.ғ.м., аға оқытушы Б.Т. Халикова сынды университет оқытушыларымен қатар шақырылған қонақтар – Бельгияның білім беру кеңесінің директоры А. Позднякованың, Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледждің педагогикалық және психологиялық пәндер оқытушысы В.А. Дәулетованың,  А. С. Макаренко атындағы № 6 ЖОББМ директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары  А.Ж. Сүйінғалиеваның, Еуразия ұлттық университетінің магистранты А.А. Куликованың баяндамалары тыңдалды. Дөңгелек үстел барысында білім беруді цифрландырудың ғылыми-әдістемелік негіздері, жоғары оқу орындарында цифрландыру жағдайында білім беру ресурстарын дамыту, жалпы орта білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде білім беруді цифрлық трансформациялаудың өзекті бағыттары талқыланды.

Сапа апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар ауқымында үздік жаңа интерактивті білім беру әдістері: жобалық оқыту, топтық жұмысты ұйымдастыру, бейнероликтерді талдау, болжамды оқу, цифрлық технологияларды пайдалана отырып рефлексивті талдау қолданылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz