25.11.2022 ж. Сапа апталығы аясында «Есеп және қаржы» кафедрасы «TRISTAR» ЖШС базасында «Бухгалтерлік есепті дамытудың цифрлық ортасы»атты көшпелі семинар өткізді.

Көшпелі семинардың мақсаты: бухгалтерлік есепте цифрландыру саласындағы проблемаларды талдау, сондай-ақ цифрлық есепті дамытудың негізгі жолдары мен факторларын анықтау, бухгалтерлік есеп саласындағы цифрландыру процестері туралы шолу жасау. Семинарға бухгалтерлер, есеп пәндерінің оқытушылары, «Есеп және аудит»БББ студенттері қатысты. «TRISTAR» ЖШС директоры Д.Н.Хрысев цифрландыру – жаңа технологиялар мен сервистердің көмегімен бухгалтерияға түбегейлі өзгерістер енгізетін жаңалық екенін атап өтті. Соңында қатысушылар «Есеп және аудит»БББ бойынша ЖОО-да оқу процесін өзектендіру үшін осындай іс-шаралардың қажеттілігін атап өтті.

Жауаптылар: э.ғ.к., қауым. профессор Курманова Г.К.,

э.ғ.м., аға оқытушы. Салимбаева Ш.Д.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz