2022 жылдың 15-25 қараша аралығында БҚИТУ ИГФ кітапханасында “Ветеринария”білім беру бағдарламасы бойынша жаңа кітаптар көрмесі өткізілді. Көрмеде жаңа оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ғылыми еңбектер мен монографиялар ұсынылды. Студенттер көрмеде ұсынылған әдебиеттермен қызығушылықпен танысып, өздері үшін көптеген пайдалы және қажетті ақпаратты тауып, курстық және зерттеу жұмыстары үшін жаңа материалдар тапты.