2025 жылғы 14 наурызда Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында білім беру бағдарламаларын (ББ) әзірлеу жөніндегі академиялық комитеттің (АК) отырысы өтті.

Отырыста келесі білім беру бағдарламалары қаралды:

  • 6В01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі
  • 6В01709 – Шетел тілдері (IP)
  • 6В02301 – Аударма ісі
  • 6В01703 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • 6В01707 – Орыс тілді және орыс тілді емес мектептертегі орыс тілі мен әдебиеті
  • 7М01703 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • 7М01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі

Академиялық комитет бакалавриат пен магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламаларын сапалы әзірлеу және олардың мазмұнын жүйелі түрде жаңарту мақсатында құрылған.

Отырыс жұмысына кафедраның жетекші ғалымдары мен оқытушылары, студенттер, магистранттар, сондай-ақ сыртқы мүдделі тараптар – жұмыс беруші ұйымдар өкілдері қатысты. Атап айтқанда:

  • А.З. Қайыржанова – «Эстетикалық бағыттағы гимназия» директоры
  • А.З. Губашева – №42 «Ақ ниет» гимназиясының директоры
  • А.Т. Айтпукешев – Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры
  • А.С. Бақытжанова – №40 жалпы орта білім беретін мектептің директоры
  • З.М. Габдуллина – Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры
  • В.Е. Тюлин – «БатысТехСервис» ЖШС директоры
  • А.Ш. Джангазиев – «Защита» ЖШС директоры
  • А.В. Карабалина – халықаралық «K&K» аударма агенттігінің директоры
  • Р.Ж. Буржақаев – «PKF Оценка собственности VP» ЖШС директоры

Академиялық комитет мүшелері білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау мәселелері мен даму перспективаларын, ББ паспорттары мен мазмұнын, сондай-ақ 2025–2026 оқу жылына арналған элективті пәндер тізімін талқылауға белсенді қатысты. Пән атаулары мен күтілетін оқу нәтижелері келісілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қазіргі заманғы білім беру жүйесінде сұранысқа ие негізгі құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жаңа пәндерді білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогына енгізу туралы шешім қабылданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz