2025 жылдың 14-наурызында қаржы және экономика кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к, қауымдастырылған профессор Курманова Гульнара Кусаиновнаның ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Шараға Жоғары аграрлық-техникалық колледжінен Джумашева Гулдана Гизатулловнаның жетекшілігімен 6В04105–Есеп және аудит білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты. Колледж білім алушыларына кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат берілді. Кездесу барысында «Акциялар нарығы» іскерлік ойыны өткізілді. Іскерлік ойын болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын қалыптастыру, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оздырылып, ойынға қатысушы студенттерге сертификаттар табысталды.


