Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауда білім беру бағдарламаларының мазмұнының жаңашылдығы мен артықшылықтарын арттыру басты мәселе болып отыр. Осы орайда әр оқу жылына даярлық кезеңінде әрбір кадрды даярлау бағыттарының білім беру бағдарламаларының құрылымы жұмыс тобына кіретін жұмыс берушілермен және жоғары курс білім алушыларымен кеңесе отырып, жетілдіріліп отырады.

2023 жылдың 11 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің «Жаратылыстану ғылыми пәндері» кафедрасында  облыстық спорт мектептері мен оқу орындарының жұмыс берушілерімен кезекти академиялық комитет отырысы өткізілді. Отырыс барысында 2023-2024 оқу жылына арналған 6В01401 – «Дене шынықтыру және спорт», «7М01401 – Дене шынықтыру және спорт», «6В01501 – Информатика» білім беру бағдарламалары талқыланды.

Отырыста жұмыс берушілер кадрларды даярлаудағы туындап отырған мәселелер туралы ашық айтып, білім беру бағдарламаларының тиімділігі жайында, қалыптасатын оқыту нәтижелері турасында ойларымен бөлісті.

Жұмыс берушілер өз кезегінде әзірленген білім беру бағдарламаларының сапасын анықтауда зор үлес қосып келеді. Осылайша университет жұмыс берушілермен етене жұмыс атқара отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен сапасын жетілдіруді көздейді.

Тағы бір айта кетерлік жайт, бакалавриат деңгейі бойынша білім беру бағдарламаларында қосымша білім беру бағдарламалары (minor) оқытылады. Бұл бағдарлама студенттерге қосымша кәсіпті меңгеруде орасан зор мүмкіндіктер береді. 

Білім беру бағдарламаларын талқылау барысындағы жұмыс берушілердің ұсыныстары ескеріліп,  бағдарламалар толықтырылатын болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz