Құрметті әріптестер! Баршаңызды бүгінгі «Ғылым қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтаймын!

Ілім мен білімнің дамуы қашан да адамзат өркениетінің өлшемі, оның тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторы болған. Халқымыз үшін білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің орны қашанда бөлек. Дана халқымыз «Ғылым – жанып тұрған шырақ» деп, ілім мен білімнің адам өміріндегі орнын әркез жоғары бағалаған.

Қазіргі кезеңдегі ғылымда болып жатқан жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Бүгінде мемлекеттің тікелей қамқорлығының арқасында ғылым-білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Егемен еліміздің болашағына бағытталған ғылыми қызметтеріңізге толағай табыс, сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шығармашылық шабыт тілеймін!

Құрметпен, ректор Б.Т.Шакешев                            

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz