12 сәуір ғылым қызметкерлері күніне орай Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы грантының екі мәрте иегері, түркітанушы ғалым, БҚИТУ Түркітану және алтайтану ғылыми орталық жетекшісі, елімізге танымал түркітанушы ғалым Сабыр Мұрат Бөкенбайұылымен кездесу өтті. Кездесуге университетіміздің студенттері мен магистранттары және оқытушылар қатысты. Ғалым студенттік шақтың әдемі естеліктерімен, ғылым жолындағы ізденістері, отбасылық өмірі және ғылыми еңбектері туралы айтып өтті. Кездесу барысында студенттер ғалымға сұрақтар қойып, әсерлі  әңгіме өрбітті. Кеш соңында кафедра меңгерушісі Ақтоты Нығметқызы сөз алып,  ғалымға жүрекжарды  тілегін айтып, естелік сыйлық табыс етті.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz