Сапалы және қолжетімді білім – кез келген қоғамның дамуы үшін іргетас. Қазіргі уақытта кадрлардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін жағдай жасау және олардың үздіксіз оқуы мен дамуына ықпал ету қажет. Сондықтанда қазіргі таңда білім алу диплом алумен шектелмеу керек, еңбек нарығында қажетті біліктілік деңгейін ұстап тұру үшін өмір бойы өз дағдыларыңызды үнемі дамытып отыру қажет. Осыған байланысты бейресми білім, білім алудың маңызды бір бөлігі болып табылады және адамдарға әртүрлі тәсілдермен оқуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар біздің университет кадрлардың біліктілігін арттырумен және қайта даярлаумен айналысады. БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау курстарының оқу бағдарламалары ғылымда, білім беруде, өндірісте болып жатқан инновацияларды, сондай-ақ еңбек нарығының қажеттіліктерін, оқыту нәтижелеріне құзыреттілік көзқарасты, кәсіптік стандарттар мен салалық біліктілік шеңберінің талаптарын ескере отырып әзірленді және сол арқылы тәжірибеге бағдарланды. 2023 жылдың 04-08 желтоқсан аралығында БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы базасында Ақтау және Батыс Қазақстан облыстарының ветеринариялық станцияларының басшылары мен мамандары үшін «Ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша ветеринариядағы инновациялық әдістер» біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Біліктілікті арттыру курсына барлығы 15 тыңдаушы қатысты.

Тьютор ретінде біліктілікті арттыру курстарын өткізуге кафедра ғалымдары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Байтлесов Е. У., ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Абсатиров Г.Г., биология ғылымдарының докторы, профессор Қанатбаев С.Г., ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Днекешев А.К. қатысты.

Біліктілікті арттыру курсы Биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасының базасында, заманауи жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған зертханаларда өтті. Сабақтың әр циклынан кейін пікірталастар, пікір алмасулар өтті. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Өткізілген курстар тыңдаушылардың көңілінен шықты және болашақта да жалғасын табатын болады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz