2023 жылы 8 желтоқсан күні 7М01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы, 2 курс, ПП-221М тобы магистранттары Г.С Шотова, Н.С. Байкенова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Менің Қазақстаным! Сен менің Отанымсың!» атты шара ұйымдастырды. Тәрбиелік шараға «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері және педагогика және психология кафедрасының оқытушылары қатысты.

Тәрбиелік шараның мақсаты- еліміздің тарихы мен оның мәдени мұрасы туралы білімдерін жаңғырту және бекіту, ақпараттық мәдениетті байыту, азаматтық, ұлтжандылық, Отанға деген сүйіспеншілік, өз елінің өткеніне, бүгініне және болашағына мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Шара Қазақстан Республикасының әнұранмен басталды. Презентация негізінде студенттерге Қазақстанның мемлекет ретінде пайда болу тарихына шағын саяхат ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, көрнекті тұлғалар, атаулы күндер,  Қазақстанның көрікті жерлері, байлығы жөнінде студенттер арасында білім сайысы ұйымдастырылды.

Студенттер викторинаға белсенді қатысып, 4-курс студенті Еменов Даулет ел тарихы бойынша білімімен озық шықты.

Студенттердің туған жер, Отан туралы оқыған жыр жолдары мен өлеңдері де жүрек тебірентерлік деңгейде болды. Соңында студенттерге рефлексия жүргізіліп, қорытынды шығарылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz