“XVІ республикалық «Жас ғалым» зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысу үшін СТР- 32 тобының студенттері А. Н. Сүндетбаев және Д. А. Широков төмендегі тақырыптағы зерттеу жұмысы бойынша өтінім берілді.

«Бет керамикалық кірпіш алу үшін саздың физика-механикалық қасиеттерін зерттеу» және «Кремнийлі Опал-Кристобалит жынысының физика-механикалық қасиеттерін зерттеу».

Физика – механикалық қасиеттерін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары үшін Орал қаласынан 80 км қашықтықта орналасқан саз және кремнийлі опал – Кристобалит жынысы пайдаланылды.

Шипов кен орнының шикізат материалдарымен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Сәулет және құрылыс» кафедрасының «Құрылыс материалдары және құрылыс жылу физикасы» зертханасында 9500с күйдіру температурасында цилиндрлік қалып, пресс және пештің көмегімен жасалған зертханалық үлгілер алынды.

Зертханалық үлгілердің физика-механикалық қасиеттерін анықтау бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ сынақтарды жүргізу тәсілдері мен әдістемесі егжей-тегжейлі сипатталған және жұмыстарда көрсетілген.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz