2023 жылдың 15-17 қараша аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 25 жылдығы мен халықаралық білім апталығына (International Education Week) орай Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы, Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті кафедрасы, ТЕО ағылшын тілі мұғалімдерінің қоғамдық бірлестігі «Білім беру арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру» тарих пәнін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша cеминар-тренинг ұйымдастырды. Тарих және ағылшын тілінен білім беру бағдарламасы арасындағы байланысты көрсету арқылы CLIL (Content and Language Integrated Learning) – шет тілін пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдісі бойынша Батыс облысының 15 аудандық және Орал қаласының 15 мектеп мұғалімдеріне өтті. Курстың барысында Астана, Алматы қаласынан Қазақстандағы FES(Фредрих Эберт қоры), Beimalim арт-жобасы, Fulbright ETA Кристина Маккэзи, Қазақстандағы АҚШ елшігі, Аmerican Corner Oral, Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірім кітапханасы, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен Орал қалалық білім басқармасы қолдау көрсетті. Тренинг қатысушыларға тәжірибе алмасып, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру туралы ой бөлісіп, елдің дамуына әсер еткен негізгі тарихи оқиғалар мен қайраткерлер туралы талдау жасау арқылы білім саласындағы зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттырды. Курстың екінші және үшінші күнінде Шетел тілдері мен Тарих ББ-ның екіншінші курс студенттері таныстырылым жасап, белсенді қатысты. Курс соңында қатысушыларға Білім және менеджмен институтының директоры А.С.Тасмагамбетов сертификаттар табыс етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz